6 қосымша. 2021-2022 оқу жылы үшін ОЖЖ, МДДС көшірмесі » "Төңкеріс негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Төңкеріс негізгі орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
февраль
2022

6 қосымша. 2021-2022 оқу жылы үшін ОЖЖ, МДДС көшірмесі


Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім   бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Төңкеріс негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021 – 2022 оқу жылына арналған  оқу жұмыс жоспарына түсінік хат


            «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2021 жылдың 27 шілдедегі № 368 бұйрығы, Алматы облыстық білім басқармасының 2021 жылғы 30 шілдедегі №472-н бұйрығы, « Алматы облысы білім басқармасының Алакөл ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің 05.08.2021 жылғы № 315-Ө бұйрығы   және «Төңкеріс негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2021-2021 оқу жылының басталуы туралы» №71 н/қ  бұйрығының негізінде басталады.  2021-2022 оқу жылында «Төңкеріс негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепалды даярлық тобы – 1, бастауыш сыныптар – 4, орта буын сыныптары – 5, барлық сыныптар қазақ тілінде оқытылады. 

2021 – 2022 оқу жылына арналған  мектепалды даярлық сыныбының жұмыс оқу жоспарына түсінік    хат

             Мектепалды даярлық тобының оқу жұмыс жоспары  төмендегі нормативтік-құқықтық  құжаттар негізінде жүзеге асырылады: 

Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білімберу стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі –ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және
 
толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық);

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы   № 345 бұйрығымен бекітілген «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру» бойынша әдістемелік ұсынымдар;

Үлгілік оқу жоспарлары 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 ж. 12 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» №557  бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №195 бұйрығы және ҚР БҒМ 2018 жылғы 10 қазандағы №556 бұйрығы; 

Үлгілік оқу бағдарламары.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» 2016 жылғы  12 тамыз   №499 бұйрығы; 

«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының
 
және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау
 
құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286бұйрығы)

Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасы баланың мектепте білім алу даярлығын (әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы) қамти отырып, сондай-ақ баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі салада педагогикалық процесті ұйымдастыру:

-      мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың құзыреттілік әдісі;

-  бес білім беру саласы («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет») арқылы танымдық іс – әрекеті ұйымдастыруды біріктіру әдісі;

-  құзыреттілікті дамыту индикаторларының, яғни мектеп жасына дейінгі баланың тұтастай даму деңгейі, зерттеу және бақылау құралымен әрбір баланың жетістіктерін диагностикалау негізінде қамтамасыз етіледі.

Білім беру процесі бес білім беру саласын «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет»   кіріктіру арқылы қамтамасыз етіледі, олардың әрқайсысы баланың жас ерекшелігіне байланысты мақсатты бағыттары бар өзіндік тараулардан тұрады. 

«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, сауықтыру-гигиеналық процедуралар өткізуге эмоциональды-жағымды қатынасқа,  қозғалыстарды жетілдіруге, физикалық және мықтылық қасиеттерін дамытуға, балалардың дербестігіне бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.

 «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады:

1) дене шынықтыру 

2) қауіпсіз мінез – құлық негіздері.

 «Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуді дамытуды, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін дамыту, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады:

- сөйлеуді   дамыту

- көркем әдебиет

- сауат ашу негіздері

- орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда)

«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейту және байыту, қоғамдық өмір, еңбек және ересектердің қызметі, экологиялық мәдениет негіздері  туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттері, мазмұны мен шарттары айқындалып көрсетіледі. 

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады:

- математика негіздері

- құрастыру

- жаратылыстану

 «Шығармашылық» білім беру саласы мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды  шығармашылық - эстетикалық тәрбиелеуге, бала бойында эстетикалық эмоциялар мен сезімдерді дамытуға, музыка, ән, бейнелеу өнері салаларында қарапайым білім, білік және дағды элементтерін қалыптастыруға бағытталған.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады:

- сурет салу;

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- музыка.

 «Әлеумет» білім беру саласында  жеке тұлғаның әлеуметік қасиеттерін дамыту, құрбыларымен және ересектермен тіл табысудың түрлі құралдарын меңгеру, балалар қоғамын қалыптастыру міндеттері шешіледі.   Білім беру саласының мазмұнын іске асыру балалардың дербестігін, адамгершілік қасиеттерін дамытуға, олардың өзін-өзі бағалауына ықпал етеді.

«Әлеумет» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады:

өзін-өзі тану 

- қоршаған ортамен таныстыру

Сабақтың ұзақтығы – 30 мин, үзіліс – 10 мин. 

Вариативтік бөлімінен  жастағы шәкіріттердің ой - өрісі, қиял сезімін дамытып, сөйлеу тілінің жетілуін, еркін пікір алмасу, диалог, монолог түрінде өзара сөйлесу машықтарын қалыптастыру мақсатында 1 сағат  «Ойна да, ойла»,  ертегімен таныстыра отырып, рөлдік образдарды сомдау арқылы, баланың қиялын, қызығушылығын, тілін дамыту мақсатында  1 сағат«Ғажайып әлем», балалардың рухани – адамгершілік дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, азаматтық тәрбие беру, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында 1 сағат «Мәнерлеп оқу»вариативтік сағаты берілді.

МАД сыныбында оқу қызметінің жалпы көлемі – 20 сағат. Вариативтік компонент    - 3 сағат


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
 2012 жылғы 20 желтоқсан№ 557  бұйрығының 1-қосымшасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 

2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығының1-қосымшасы


«Төңкеріс негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  2021 – 2022 оқу жылына арналған мектепалды даярлық тобының жұмыс оқу жоспары.


Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрлері

Апталық оқу жүктемесі

Жылдық оқу жүктемесі

I

«Денсаулық»

3

96

1

Дене шынықтыру

2,5

80

2

Қауіпсіз мінез-құлық  негіздері

0,5

16

II

«Қатынас» 

5

160

3

Сөйлеуді дамыту

1

32

4

Көркем әдебиет 

1

16

5

Сауат ашу негіздері

2

64

6

Орыс тілі     

1

32

III

«Таным» 

2,5

80

9

Сенсорика 

-


10

Математика негіздері

1

32

11

Құрастыру 

0,5

16

12

Жаратылыстану     

1

32

IV

«Шығармашылық» 

5

160

13

Сурет салу

1

32

14

Мүсіндеу 

1

32

15

Жапсыру

1

32

16

Музыка 

2

64

V

«Әлеумет» 

1,5

48

17

Өзін – өзі тану

1

32

18

Қоршаған ортамен танысу

0,5

8


Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің  ұзақтығы   30мин


Барлығы

17

544


Вариативтік компонент (басқа іс- әрекет түрлеріне)

3

96

20

«Логика»

2

64

21

«Мәнерлеп оқу»

1

32


Мектепке дейінгі жастағы балалардың ұйымдастырылған оқу іс –әрекетінің жалпы көлемі

20

640


Барлығы – мектепалды даярлық сыныптардағы апталық сағаты – 20. Оның ішінде  инварианттық – 17 сағат, вариативтік – 3 сағат. 









2021 -2022 оқу жылындағы 1-9 сыныптарға арналған оқу жұмыс жоспарына түсінік хат

             2020-2021 оқу жылында  1-9 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағдарламаларымен оқытылады. 

            1-4 сыныптарда білім беру үрдісі келесі нормативтік – құқықтық  құжаттар  негізінде жүзеге асырылады: 

Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты: «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білімберу стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі-МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі –ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен және
 
толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық);

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы  № 345 бұйрығымен бекітілген «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру» бойынша әдістемелік ұсынымдар басшылыққа алынды;

Үлгілік оқу жоспарлары: Қазақстан РеспубликасыБілімжәне ғылымминистрінің2021 жылғы20тамыздағы № 415бұйрығына1-қосымша Қазақстан РеспубликасыБілімжәне ғылымминистрінің 2012 жылғы8 қарашадағы № 500 бұйрығына1-қосымша.Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған бастауыш білім берудің(жаңартылғанмазмұнның)үлгілікоқужоспары;

"Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығының 53-қосымшаға сәйкес үйде оқитын білім алушыларға арналған бастауыш білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары;

Үлгілік оқу бағдарламары«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрық);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); 

«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының
 және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау
 құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286бұйрығы);
 – «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
 туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы;

«ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына (4-қосымша) өзгерістер енгізілді). «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі.

5-9 сыныптарда білім беру процесі келесі нормативтік – құқықтық  құжаттар   негізінде жүзеге асырылады: 

Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты: «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білімберу стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі-МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі –ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (өзгерістермен жәнетолықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық);

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы  № 345 бұйрығымен бекітілген «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру» бойынша әдістемелік ұсынымдар басшылыққа алынды;

Үлгілік оқу жоспарлары: Қазақстан РеспубликасыБілімжәне ғылымминистрінің2021 жылғы20тамыздағы № 415бұйрығына6-қосымша Қазақстан РеспубликасыБілімжәне ғылымминистрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 6-қосымша.Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілікоқу жоспары;

Үлгілік оқу бағдарламары

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын
 бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрық);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары («Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген); 

«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының
 және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау
 құралдары тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286бұйрығы);
 – «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
 туралы» ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығы;

Вариативтік компонетінен сағаттардың бөлінуі

1-4 сыныптардағы оқу жоспарларының вариативтік компонетінен таңдау мен белсенді-қозғалмалысипаттағыжеке және топтық сабақтароқушылардың жеке қызығушылығы және ата-аналардың өтініші негізінде келесі мақсаттармен бөлінді:

2-сыныпта оқушылардың рухани құндылықтарды, мәдениетті, қолөнерді дамытып, әсемдікті өзқолдарымен жасай отырып, өзіндік қабілеттерін арттыру мақсатында белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар есебінен «Тіл дамыту»-1 сағат берілді.

3-сыныпта тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі- сөз, сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, ойдың айқын, әсерлі болуы, яғни тіл мәдениетін жете меңгеру үшін белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар есебінен «Қызықты грамматика»-1 сағат берілді.

4-сыныпта оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру, функционалдық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа бейім құзыретті тұлғаның дамуына, логикалық ойлауды қалыптастыру мақсатында белсенді-қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар есебінен «Қызықты математика»-1 сағат берілді.

5-9 сыныптардағы оқу жоспарларының вариативтік бөлігіндегі жаһандық құзіреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар және электиті курстар оқушылардың жеке қызығушылығы және ата-аналардың өтініші негізінде келесі мақсаттар үшін бөлінді: Жаһандық құзіреттілік бойынша таңдалған курстар білім алушылардың 21 ғасыр дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі:

«Жаhандық құзыреттіліктер» (аптасына 1 сағат) курсына: 

- 5-сыныпта «Парасаттылық және әдеп»; 

- 6-сыныпта «Экология»; 

- 7-сыныпта «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау»; 

- 8-сыныпта «Медиасауаттылық»; 

- 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері»;

«Парасаттылық және әдеп» курсы білім алушылардың бойында әдептілік, ізгі-ниеттілік, адалдық, толеранттылық, іс-әрекеттеріне жауапкершілік, ұжымда жұмыс істей білуі сияқты жеке қасиеттерді дамытуға мүмкіндік береді.

 «Экология» курсы білім алушыларды экологияның негізгі заңдылықтарымен таныстырады, өз денсаулығына, айналасындағы адамдарға және табиғатқа позитивті, ұқыпты қарауды үйретеді.

«Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» курсы ақпаратты сыни қабылдау дағдыларын, коммуникативтік дағдыларын, дұрыс шешім қабылдауды, эмоционалды сауаттылықты дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды. 

«Медиасауаттылық» курсы білім алушыларды ақпаратпен жұмыс істеуге, материалдарды бағалауға, талдауға, жалған мәлімет пен насихатты ажырата білуге үйретеді. 

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқу құқықтық және діни сауаттылықты қалыптастыруға, білім алушыларда этномәдени және дінаралық келісім негізінде азаматтық жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге бағытталған.

Элективті курстар есебінен: 

Оқушыларды салт-дәстүр мен халыққолөнерін игеру арқылы еңбексүйгіштікке, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра беруге тәрбиелеу, оқушыларды өздігінен еңбек етуге дайындау, кәсіпті игеруге көмектесу, оқушылармен жеке жұмыс жасау арқылы олардың шығармашылық ой-қиялдарын дамытып, табиғи қабілеттеріне сай еңбек етуге мүмкіншілік жасау мақсатында 5-сыныпта «Ою-өрнек»-1 сағат, 9-сыныпта «Көркем қолөнер»1-сағат берілді.

Ұлттық аспабымыз –домбыраны тәрбие құралы ретінде пайдаланып, сол арқылы ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау,талапкер өнерпаз қауымның домбыра тартуды меңгеріп, музыкалық сауаттылығын арттырып, эстетикалық талғамын өсіру мақсатында 7-сыныпта «Жас домбырашылар»- 1 сағат берілді.

Орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен сауатты сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізе алатын білімді де білікті тұлға тәрбиелеу мақсатында 6-сыныпқа «Секреты русской орфографии»- 1 сағат, 8-сыныпқа «Tht right way to English» - 1 cағат берілді. 

5-9 сыныптарда вариативті компонент сағат сандары – 10 (жаһандық құзіреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар – 5 сағат, элективті курстар  – 5 сағат)

Инвариантты сағат саны 1-9 сыныптар –254,5

Вариатив сағат саны – 13

 Жалпы сағат саны -267,5

МАД сыныбында – 20 сағат.



































    Қазақстан РеспубликасыБілімжәне               ғылым министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 415 бұйрығына1-қосымша

                                                                                          Қазақстан Республикасы Білім және 

                                                                                        Ғылым министрінің 2012 жылғы8  

                                                                                        қарашадағы № 500 бұйрығына1- қосымша


«Төңкеріс негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы  бастауыш білім берудің (жаңартылған мазмұнның) жұмыс

 оқу жоспары



Білім салалары және оқу пәндері

Сыныптар бойынша апталық сағат саны

Жалпы жүктеме,сағат

1

2

3

4

апталық

жылдық

Инварианттық компонент


Тіл және әдебиет

10

11

11

11

43

1452

1

Әліппе,Ана тілі

6

-

-

-

6

198

2

Қазақ тілі

-

4

4

4

12

408

3

Әдебиеттік оқу

-

3

3

3

9

306

4

Орыс тілі

2

2

2

2

8

270

5

Шетел тілі

2

2

2

2

8

270


Математика және информатика

4,5

5

6

6

21,5

       726,5

6

Математика

4

4

5

5

18

608

7

Цифрлық сауаттылық

0,5


1

1

2,5

84,5


Жаратылыстану

1

1

2

2

6

203

8

Жаратылыстану

1

1

2

2

6

203


Адам және қоғам

2

2

2

2

8

270

9

Дүниетану

1

1

1

1

4

135

10

Өзін-өзітану

1

1

1

1

4

135


Технология және өнер

2

2

2

2

8

270

11

Көркем еңбек

1

1

1

1

4

135

12

Музыка

1

1

1

1

4

135


Дене шынықтыру

3

3

3

3

12

405

13

Дене шынықтыру

3

3

3

3

12

405

Инварианттық оқу жүктемесі

22,5

23

26

26

97,5

3292,5

Вариативтік компонент

Белсенді-қозғалмалы сипаттағы     жеке  және топтық сабақтар

-

1

1

1

3

102

«Тіл дамыту»


1



1

34

«Қызықты лото»



1


1

34

«Салт-дәстүр –асыл қазынам»




1

1

34

Вариативтік оқу жүктемесі

-

1

1

1

3

102

Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі

22,5

24

27

27

100,5

3394,5














Қазақстан РеспубликасыБілімжәне ғылымминистрінің2021 жылғы20тамыздағы № 415бұйрығынабұйрығына6-қосымша

ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің2012жылғы8қарашадағы

                                                                               № 500 бұйрығына6-қосымша


«Төңкеріс негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылындағы   негізгі орта білім берудің жұмыс  оқу жоспары




Білім салалары және оқу пәндері

Сыныптар бойынша апталық сағат саны


Жалпы жүктеме,

сағат

5

6

7

8

9

апталық

жылдық

Инварианттықкомпонент


Тіл және әдебиет

11

11

11

11

11

55

1870

1

Қазақ тілі

3

3

3

2

2

13

442

2

Қазақ әдебиеті

2

2

2

3

3

12

408

3

Орыс тілі мен әдебиеті

3

3

3

3

3

15

510

4

Шетел тілі

3

3

3

3

3

15

510


Математика және информатика

6

6

6

6

6

30

1020

5

Математика

5

5

-

-

-

10

340

6

Алгебра

-

-

3

3

3

9

306

7

Геометрия

-

-

2

2

2

6

204

8

Информатика

1

1

1

1

1

5

170


Жаратылыстану

2

2

7

8

8

27

918

9

Жаратылыстану

2

2

-

-

-

4

136

10

Физика

-

-

2

2

2

6

204

11

Химия

-

-

1

2

2

5

170

12

Биология

-

-

2

2

2

6

204

13

География

-

-

2

2

2

6

204


Адам және қоғам

4

4

4

4

5

21

714

14

Қазақстан тарихы

2

2

2

2

2

10

340

15

Дүние жүзі тарихы

1

1

1

1

1

5

170

16

Құқық негіздері

-

-

-

-

1

1

34

17

Өзін-өзі тану

1

1

1

1

1

5

170


Технология және өнер

3

3

1

1

1

9

306

18

Музыка

1

1




2

68

19

Көркем еңбек

2

2

1

1

1

7

238


Дене шынықтыру

3

3

3

3

3

15

510

20

Дене шынықтыру

3

3

3

3

3

15

510

Инварианттық оқу жүктемесі

29

29

32

33

34

157

5338

Вариативтік компонент

Жаһандық құзыреттілік немесе таңдау бойынша басқа курстар

1

1

1

1

1

5

170

«Парасаттылық және әдеп»

1





1

34

«Экология»


1




1

34

«Эмоционалды интеллект және сыни ойлау»



1



1

34

«Медиасауаттылық»




1


1

34

«Зайырлылық және дінтану негіздері»





1

1

34

Элективтікурстар

1

1

1

1

1

5

170

«Ою-өрнек»

1





1

34

«Секреты русской орфографии»


1




1

34

«Жас домбырашылар»



1



1

34

«Tht right way to English»




1


1

34

«Көркем     қолөнер»





1

1

34

Жеке және топтық жұмыстар

-

-

-

-

-

-

-

Вариативтік оқу жүктемесі

2

2

2

2

2

10

340

Оқу жүктемесінің жоғарғы шекті көлемі

31

31

34

35

36

167

5678